Құрметті «Қазақстан халқына» ҚҚ донорлары мен серіктестері!
Бізге «Қазақстан халқына» ҚҚ қайырымдылық жасаушыларына бағытталған алаяқтық әрекеттер туралы ақпараттың келіп түскеніне назарыңызды аударамыз. Шабуылшылар Қордың веб-сайтында жарияланған жеке деректеріңізді пайдалана отырып, Қор басшылығы атынан жасырын түрде жалған хабарламалар жібереді.
Сізге қатысты алдау мен қылмыстық әрекеттерді болдырмау мақсатында, Қормен және оның өкілдерімен барлық байланыстарды тек қана тексерілген байланыс каналдары арқылы жүргізуді ұсынамыз (донорларға арналған электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.), әлеуметтік желілердегі аккаунттар https://t.me/qazaqstanhalqynakz https://www.facebook.com/QazaqstanHalqyna https://www.instagram.com/qazaqstanhalqyna.kz/ .
Егер сіз танымал whatsapp немесе telegram мессенджерлері бойынша күмән туғызатын хабарлама немесе сұрау алсаңыз, оған жауап бермеңіз және ақпаратты тексеру үшін тікелей хабарласыңыз.
Қолдауыңыз бен ынтымақтастығыңыз үшін рахмет!