Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі, "СК-Фармация" ЖШС және "Қазақстан халқына" Қоры арасында өзара түсіністік туралы меморандум

PDF ru: https://qazaqstanhalqyna.kz/images/memorandums/QH_memo_000_kz.pdf
Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі, "СК-Фармация" ЖШС және "Қазақстан халқына" Қоры арасында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оның ішінде орфандық аурулары бар балалар жасындағы пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде Қор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізушілерге тікелей төлеуші ретінде әрекет ете отырып, өзінің қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыру шеңберінде ауыр, өміріне қауіп төндіретін аурулары, оның ішінде орфандық аурулары бар пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. "СК-Фармация" ЖШС жеткізушілерді (өндірушілерді, дистрибьютерлерді, фармацевтикалық ұйымдарды) іздеуді қамтамасыз етеді, "Қазақстан халқына" Қорының қаражаты есебінен сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пациенттер орналасқан жерге дейін сақтауды және тасымалдауды жүзеге асырады. ҚР денсаулық сақтау министрлігі Қор қаражаты есебінен медициналық ақпараттық жүйелерде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дәрілік қамтамасыз ету мен пайдаланудың есебін ұйымдастырады.
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.