Су тасқыны 2024

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек

«Қазақстан халқына» қоры Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы бастамасын қолдағандардың барлығына алғысын білдіреді.

Қазақстан өңірлеріндегі апаттың ауқымын ескере отырып, Қордың Қамқоршылық кеңесі 2024 жылғы 8 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен аудандарда үй салуға 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекітті.

Сонымен қатар, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы кезеңде заңды және жеке тұлғалардан Қордың шоттарына түскен барлық қайырымдылықтары осы мақсаттарға жұмсалады.

Зардап шеккендерге тұрғын үй салу үшін Қор Батыс Қазақстан (114 үй), Солтүстік Қазақстан және Қостанай (100 үй), Ақмола (87 үй) облыстарының әкімдіктерімен меморандумдарға қол қойылған.

Меморандумда тараптардың міндеттері және барлық рәсімдердің ашықтығын сақтай отырып, қысқа мерзімде қайырымдылық мақсатқа жету үшін функцияларды бөлу айқындалған.

  • 1. Әкімдік және жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) су басу қаупінсіз жер учаскелерін бөлуді, инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) дайындауды қоса алғанда, құрылыс туралы қорытындыларды дайындауды, залалды бағалауды, сараптаманы қамтамасыз етеді.
  • 2. Құрылыс жұмыстарының көлемі мен объектілер тізбесі айқындалғаннан кейін тұрғын үй құрылысына ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттаманы) өңірлік "байланыстыру", түсіндіру жұмыстарын және жобаны зардап шеккен тұрғындармен келісуді қоса алғанда, ҚР заңнамасында көзделген кешенді сараптама және басқа да рұқсат беру құжаттамасын алу жүзеге асырылады.
  • 3. Облыс әкімдігі тапсырыс беруші ретінде мердігерлерді (құрылыс салушыларды, оның ішінде авторлық және техникалық қадағалау жөніндегі қызметтерді жеткізушілерді) іріктеу рәсімін қамтамасыз етеді, содан кейін Қор төлеуші ретінде әрекет ететін үш жақты шарт жасалады.
  • 4. Барлық кезеңдердің ашықтығы мен мониторингі үшін әкімдіктің жұмыс тобына ЖАО, тәуелсіз сараптамалық (бағалау) құрылымдарының өкілдерімен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
Қор халықтық және қоғамдық бақылау форматын қолдай отырып, осы сайтта өңірлерде тұрғын үй салуға байланысты барлық ақпарат материалдарын орналастырады.

Солтүстік Қазақстан облысы

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында 100 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылды. Жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға барынша дайындалған учаске облыс орталығына жақын арада Солнечный-2 шағын ауданы анықталды.

Батыс Қазақстан облысы

23 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 114 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылды.

© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.