Тірек мектептердің пән мұғалімдері оқыту семинарларынан өтті

18 тірек ауылдық мектептердің 657 ұстазы бес күндік оқыту семинарына қатысты. Оқыту курсы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Бағдарлама аясында Қор ауылдық тірек мектебін материалдық-техникалық жарақтандырып, сондай-ақ мектептерге білім беру қызметтерін диагностикалауға және мұғалімдер үшін пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстарын жүргізуге жәрдемдеседі.

31 қазан мен 4 қараша аралығында жобаға қатысатын тірек мектептердің пән мұғалімдері үшін Білім беруді тұрақты дамыту қоры мен «НЗМ» ДББҰ ұйымдастырылған оқыту семинарлары өтті.

НЗМ-нің 23 маманы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелеріне арналған 5 бағыт бойынша 53 семинар өткізді. Семинарлар 14 мектеп пәнін қамтыды. Барлығы 5 күн ішінде 18 тірек ауыл мектептерінен 657 педагог оқудан өтті. Ауыл мұғалімдері мен жаттықтырушыларына ыңғайлы болу үшін семинарлар Атырау, Көкшетау, Түркістан және Семей қалаларындағы НЗМ мектептерінің базасында өңірлік оқыту орталықтарында өткізілді.

Барлық қатысушылар семинарлардың сапасы мен мазмұнын жоғары бағалап, оның тиімділігін, алған білімдері мен дағдылары сабақтарды жоспарлау мен өткізуде пайдалы болатынын атап өтті.

Осындай оқыту Алматы және Жетісу облыстарының педагогтары үшін желтоқсан айынды ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына» қоры өңірлердегі 17 ауылдық тірек мектептерде материалдық-техникалық базаны жақсартуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру ауыл оқушыларына өздері тұратын жерде сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.