17 ауылдық тірек мектеп: «Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысында алғашқы тірек мектепті жабдықтады

«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысының Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы орта мектепті қажетті материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етті. Орта мектеп қордың «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына қатысушы 17 тірек мектептің алғашқысы.

17 тірек мектепті жабдықтауға «Қазақстан халқына» қорынан 4,25 млрд теңге бөлінген. Еліміздің 17 өңірінде НЗМ оқыту әдістемесі бойынша ауылдық тірек мектептер жабдықталып, олардың әрқайсысын жарақтандыруға 250 млн теңгеден бағытталады. Жобаны іске асыру ауыл оқушыларына өздері тұратын жерде сапалы білім алуға, сондай-ақ білім беру ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

12 қыркүйекте осындай тірек мектептердің бірінің тұсаукесеріне «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Beeline Қазақстан» бас атқарушы директоры Евгений Настрадин, «НЗМ» ДББҰ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова, Білім беруді тұрақты дамыту қорының құрылтайшысы, Aitas холдингінің басшысы Серік Толықпаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов және БАҚ өкілдері қатысты.

Мектепте 39 кабинет пен үй-жай жаңартылып, жиһаз бен жабдықтар жиынтығы, оқытудың техникалық құралдары, құрал-саймандар мен керек-жарақтар, көрсету құралдары, сәндік-көркем бұйымдар, баспа құралдары сатып алынды. Соның ішінде бейне қабырға мен ақпараттық киоск, арт-студия, онлайн сабақтар мен шеберлік сабақтарын жазуға арналған телестудия, шеберханалар бар. Қазір сабақтар интерактивті панельдерді, жаңа құрылғылар мен демонстрациялық материалдарды қолдана отырып жүргізілуде. Сондай-ақ оқу орнында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық бар.

«16 қыркүйекте «Қазақстан халқына» қоры ұлттық қайырымдылықтың І конференциясының қорытынды отырысын өткізеді. Осы конференция аясында біз 1173 ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 43 zoom-конференция өткіздік. Барлық өңірде 20 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған 3000 азамат қатысты. Қор бағдарламасының тұжырымдамасын, проспектісін және азаматтық қоғамның ұсыныстарын талқыладық. Дөңгелек үстелдерде айтылған маңызды бағыттардың бірі – ауыл білімін дамыту. Ауылдық білім беруді қолдау қажет дегенде, ең алдымен, тірек мектептерді көтеру керек. Бұл туралы «Білім туралы» заңында да айтылған. Бұл мектептер жақын маңдағы ауыл мектептері үшін демеу болуға тиіс. Қазір халықтың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауыл оқушылары қаладағы құрдастары секілді мүмкіндіктерге ие болуы керек», - деп атап өтті Болат Жәмішев.

Мектептердегі өзгерістерді алғашқылардың бірі болып оқушылардың өздері бағалады. Мектепте барлығы 365 бала білім алып, 45 мұғалім сабақ береді.

 «Жазғы демалыстан оралып, мектепке келгенімізде қатты таң қалдық. Барлық жерге заманауи жиһаз, жаңа құралдар қойылған. Әрбір кабинет ерекше жасалған. Үзіліс кезінде ойындарға арналған жеке орындар бар. Бізге бәрі ұнап отыр. Енді жақсы оқуымыз керек», – деп бөлісті 6 сынып оқушысы Томирис Киізбай.

Жоба бойынша операциялық шығындарды «Қазақстан халқына» қорының серіктесі – Білім беруді тұрақты дамыту қоры өз мойнына алды. Бөлінген 4,25 млрд теңгенің 2 млрд теңгесін «Beeline Kazakhstan» компаниясы жіберген. Жобаның бас серіктестерінің бірі –«НЗМ» ДББҰ. Мектеп барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірге ауылдық мектепке тегін әдістемелік қолдау көрсетіп, мұғалімдердің біліктілігін арттырады. Айта кету керек, педагогтарды оқыту және кабинеттерді жабдықтау кезінде НЗМ тәжірибесі мен ұсыныстары пайдаланылды.

«Біз қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ең маңыздысы – тірек мектептерді құру және дамыту жөніндегі жобада озық білім беру әлеуеті бар НЗМ ресурстарын да пайдаланатын боламыз. Осылайша, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелер енгізілетін болады», - деп атап өтті «Қазақстан халқына»  қорының басшысы Болат Жәмішев.

НЗМ күшімен қазан айында мектепте оқу-тәрбие жұмысының барлық аспектілерін кешенді зерттеу басталып, оқу орнының қызметін жақсарту үшін талдау тобы құрылады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін серіктестердің қатысуымен қордың «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында еліміздің өзге өңірлерде 16 ауылдық тірек мектеп жаңғыртылады.

Ал 17 қыркүйекте Қатаркөлдегі мектепте Ашық есік күнін ұйымдастырылып, онда ата-аналар, қоғам пен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, жақын маңдағы ауылдардың ұстаздары мен оқушылары тірек мектептің әлеуетімен таныса алады.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.