«Қазақстан халқына» қоры Тасты кентінде балаларға арналған алғашқы қайырымдылық спорт залын ашты

«Қазақстан халқына» Қоры мен  «Батыр боламын!» Қоғамдық қоры бірлесіп, Ақмола облысының Тасты кентінде балаларға арналған қайырымдылық спорт залын ашты.

Бұл спорт залы – Қордың «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы мен «Батыр боламын!» ҚҚ «100 балалар спорт залы» бағдарламасы шеңберінде ашылған алғашқы зал. Жобаның басты мақсаты -  шалғай елді-мекендерде, балалар үшін спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыру.

Жобаның негізгі аудиториясы – аз қамтылған, табысы төмен көпбалалы отбасылардың 5-18 жас аралығындағы балалары.

 Ашылу салтанатына «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма Төрағасы Б. Жәмішев, Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А. Букубаев, ҚР Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Д. Пак, «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ төрағасы А. Карлығашев, «Батыр боламын!» ҚҚ президенті А. Уахап, сондай-ақ С. Сапиев, М. Ақшалов, С. Цырульников сынды атақты спортшылар мен қоғам қайраткерлері және Тасты кентінің тұрғындары қатысты.

«Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Б. Жәмішев ашылу орнына дейін 50 шақырым жолды велосипедпен жүріп келгенін айтып өткен жөн.

Балаларға арналған қайырымдылық спорт залдарын ашу бойынша жобаның ерекшелігі -  балалар арасында спортпен айналысу үшін жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спорт секцияларына баратын болашақ спортшыларды адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салты, достық, өзара көмек, қолдау сынды құндылықтарды дәріптеу

Ғимаратта бокс, теннис және "қазақша күреске" арналған үш зал бар. Спорт залына Олимпиада чемпионы, классикалық стильдегі күрес бойынша әлем чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ж. Үшкемпіровтың есімі берілді.

«Қазақстан халқына» Қоры залға арнайы жабдықтар мен спорттық инвентарь сатып алу түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Оның ішінде күрес кілемдері мен қаптар, еден жабындары, жаттығу манекендері, ринг, гантельдер, бокс қолғаптары, шлемдер, кимонолар, арқандар, каптар және т.б.

Сонымен қатар ҚР Үстел теннисі федерациясы теннис залын жабдықтауға қайырымдылық көмек көрсетті.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.