«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық көмек көрсету мәнмәтінінде денсаулық сақтау саласындағы басымдықтар туралы панельдік сессия өткізді

Қазақстан халқына» қоры қоғам мен қоғамдық институттарды нысаналы бағыттарды айқындау процесіне кеңінен тарту, Қордың жаңа толықтырылған тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында 2022 жылғы қыркүйекте ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Конференция жұмысына мемлекет, кәсіби қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері (Қор донорлары) қатысады. Конференция қорытындысы бойынша Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісі құрылады.

Конференцияға дайындық және қайырымдылық көмек көрсету процесінің барлық қатысушыларын заттық тарту аясында 1 шілдеде Қор «Қазақстан халқына» қорының тұжырымдамасы шеңберінде қайырымдылық көмек көрсету мәнмәтінінде денсаулық сақтау саласындағы басымдықтар» тақырыбында Zoom-конференция форматында панельдік сессия өткізді.

Панельдік сессия жұмысына денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар қатысты.

Панельдік сессия қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстары қалыптасты, атап айтқанда:

  • дәлелді медицина және Қор ресурстарын ұтымды пайдалану қағидаттарында ғылыми негізделген ақпарат үшін денсаулық сақтау технологиясын бағалауды енгізу;
  • амбулаториялық жағдайда ұзақ ем алатын онкогематологиялық патологиясы бар пациенттер үшін пансионаттар ашу;
  • балаларға арналған қымбат тұратын техникалық оңалту құралдарын жалға беру паркін құру;
  • генетикалық аурулардың алдын алу мақсатында пренаталдық диагностиканы енгізу;
  • медицина кадрларының әлеуетін арттыру бойынша білім беру жобалары (шеберлік сыныптары, семинарлар);
  • өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу саласында зерттеулер мен бағдарламалар жүргізуде қолдау көрсету;
  • ҚР-да трансплантологияны дамыту.

Сарапшылардың бұл ұсыныстары Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының жаңа тұжырымдамасы мен проспектісінің негізі болуы мүмкін.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.