ZOOM-конференциясының анонсы: "Қазақстан халқына" Қорының тұжырымдамасы шеңберінде қайырымдылық көмек көрсету мәнмәтінінде денсаулық сақтау саласындағы басымдықтар"

"Қазақстан халқына" қоры қоғам мен қоғамдық институттарды Қордың нысаналы бағыттарын айқындау процесіне кеңінен тарту, жаңа толықтырылған тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында 2022 жылғы қыркүйек айында Ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Конференция жұмысына мемлекет, кәсіби сараптама қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері (Қор донорлары) қатысады. Сондай-ақ конференция қорытындысы бойынша Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісі жасалады деп жоспарлануда.

Конференцияға дайындық және қайырымдылық көмек көрсету процесіне барлық қатысушыларды тақырыпқа тарту шеңберінде 1 шілде күні сағат 09.00-де Қор Zoom-конференция форматында "Қазақстан халқына" Қорының тұжырымдамасы шеңберінде қайырымдылық көмек көрсету мәнмәтінінде денсаулық сақтау саласындағы басымдықтар"атты панельдік сессия өткізеді.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.